Бокстан Азия ойындарына қатысатын әйелдер құрамасының тізімі белгілі болды. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Сайдалин Olimpic.kz сайтына берген сұхбатында айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
«Қазіргі таңда Азия ойындарына қатысатын боксшылардың тізімі толық анықталды. Атап айтсақ, Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Наталия Богданова (75 келіге дейін).
Спортшыларды іріктеу барысында өткен жылғы әлем чемпионатының, биылғы әлем кубогы кезеңдерінің нәтижелері ескерілді», — деді бас бапкер.
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтеді.
