Бразилиялық аралас жекпе-жек шебері Аллан Насименто 34 жасында өмірден өтті, деп жазады Sportbugin.kz.
Спортшы 3 тамыз, дүйсенбі күні таңертең өз үйінде көз жұмған. Алдын ала болжам бойынша, өлімге жүрек талмасы себеп болған.
Аллан Насименто ММА мансабында 29 жекпе-жек өткізіп, оның 22-сінде жеңіске жетсе, жеті рет жеңіліс тапқан.
Ол октагондағы соңғы кездесуін бір ай бұрын UFC Vegas 119 турнирінде өткізіп, америкалық Митч Рапосодан төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңілген болатын.
