Дзюдо федерациясының бас хатшысы Азия ойындарына қатысатын құрамның қалай жасақталғанын түсіндірді, деп хабарлайды Informsports.kz-ке сілтеме жасаған Sportbugin.kz.
«Дзюдодан Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысатын құрамы белгілі болды. Айтулы додада ел намысын тәжірибелі балуан Елдос Сметов те қорғайды. Азия ойындары төрт жылда бір рет өтетін маңызды жарыс болғандықтан, бапкерлер құрамының шешімімен бұл бәсекеге тіс қаққан тәжірибелі спортшы ретінде Елдос Сметов таңдалды.
Бұл шешім қабылданған кезде спортшылардың жарыстағы тәжірибесі, денсаулық жағдайы, оқу-жаттығу жиындарындағы дайындығы мен өзара қарым-қатынасы, сондай-ақ спортшыға тән басқа да маңызды факторлардың барлығы ескерілді. Осы талаптардың негізінде бапкерлер құрамы нақты шешімге келді», — деді федерацияның бас хатшысы.
Айта кетейік, Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтеді.
