Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы таеквондодан Ресейде өткен турнирде үш жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
68 келіден жоғары салмақта сынға түскен Любовь Юн финалға дейін жетіп, күміс медаль иеленді. Осы салмақта Нұрила Жарас жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Ал 68 келіге дейінгі салмақта Балгерім Өтеген үшінші орын алып, ұлттық құраманың қоржынына тағы бір қола медаль қосты.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жарысты бір күміс және екі қола медальмен қорытындылады.
