Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
77 келіге дейінгі салмақта Аянат Жұмағали қарсыластарынан басым түсіп, жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды. Қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысында 237 келіні (104+133) еңсерді.
Күміс жүлде Өзбекстан өкілі Дильнура Холдороваға бұйырды. Ол 224 келі (101+123) көтерді. Үздік үштікті тағы бір өзбекстандық Дильноза Файзуллаева түйіндеді — 223 келі (100+123).
Айта кетейік, бұған дейін жасөспірімдер арасында Снежана Қашқарова (57 кг дейін), Бейбарыс Ерсейіт (65 кг дейін) және Ақжол Құрманбек (85 кг дейін) алтын медаль иеленген. Ал жастар арасында Ксения Прозорова (61 кг дейін) чемпион атанған болатын.
