«Ордабасының» бұрынғы ойыншысы Мардан Телебек клуб басшылығына ренішін білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
Футболшы бұл туралы «Ордабасының» жаңа логотипін таңдау рәсімі кезіндегі тікелей эфир барысында айтты.
«Бізді ұмытты. Шынымды айтсам, бүкіл «Ордабасының» титулында болдым. Бір ойынға да шақырмайды», — деді Мардан Телебек.
Айта кетейік, Мардан Телебек — «Ордабасы» сапында ұзақ жыл өнер көрсеткен, клуб тарихындағы маңызды футболшылардың бірі.
