Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Құрлық додасында қазақстандық зілтеміршілер жұлқа көтеру, серпе көтеру және қоссайыс нәтижесінде 59 медаль жеңіп алып, Азияның 11 және әлемнің 5 рекордын жаңартты.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 17 жасқа дейінгі қыздар арасында және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында бірінші орын иеленді.
Жарыс барысында Снежана Қашқарова Азияның үш және әлемнің үш рекордын жаңартты. Сонымен қатар қазақстандық спортшы «Азияның үздік ауыр атлеті» атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Ташкенттегі Азия чемпионатын жоғары нәтижемен аяқтап, екі жас санаты бойынша жалпыкомандалық есепте топ жарды.
