Еркін күрестен ұлттық құрамасының бас бапкері Данияр Қайсанов Азия ойындарына дайындық барысы туралы айтты, деп жазады Olimpic.kz сілтеме жасаған Sportbugin.kz.
Бас бапкер балуандардың қазіргі жағдайына тоқталып, құраманың деңгейі жаман емес екенін атап өтті.
«Қазір ұлттық құраманың деңгейі жаман емес. Алайда балуандар арасында жарақатына байланысты жаттығу процесіне толыққанды қатыса алмай жүрген спортшылар бар.
Мысалы, Ризабек Айтмұхан жарақатына байланысты қазіргі оқу-жаттығу жиынына қатыса алмады. Дегенмен жарысқа дейін әлі уақыт бар. Ризабек Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынына қатысады», — деді Данияр Қайсанов.
