16-23 тамыз аралығында Біріккен Араб Әмірліктерде аралас жекпе-жектен (ММА) жастар арасындағы IMMAF әлем чемпионаты өтеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының 38 спортшысы қатысады.
Отандастарымыз түрлі жас және салмақ дәрежелерінде өнер көрсетіп, әлем чемпионатының жүлделерін сарапқа салады.
Қазіргі таңда жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 1050 спортшы тіркелген. Бұл додадағы бәсекенің жоғары деңгейде болатынын көрсетеді.
Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына қатысуы жас спортшылардың шеберлігін арттырып, еліміздегі жастар арасындағы ММА-ның одан әрі дамуына мүмкіндік береді.
