Ташкентте Өзбекстанның аты аңызға айналған боксшысы Руфат Рискиеев 76 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Руфат Рискиеев — Өзбекстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы. Ол 1974 жылы әлем біріншілігінде алтын медаль жеңіп алған. Ал 1976 жылғы Олимпиада ойындарында жүлдегер атанды.
Сонымен қатар ол АҚШ, Куба, Аустрия, Испания және бұрынғы Югославияда өткен халықаралық турнирлерде жеңімпаз болған.
