Қазақстандық балуандар жазғы Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Соңғы екі Азия ойындарында грек-рим күресінен қазақ балуандары алтынсыз қалды.
Қазақстан балуандарының Азия ойындарындағы нәтижелері:
1994 жылы Хиросимада — 2, 1998 жылы Бангкокта — 2, 2002 жылы Пусанда — 2, 2006 жылы Дохада — 1, 2010 жылы Гуанчжоуда — 1, 2014 жылы Инчхонда — 1 алтын медаль жеңіп алды.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында грек-рим күресінен Азия ойындарының алғаш чемпиондары — Юрий Мельниченко мен Дәулет Тұрлыханов.
2010 жылы Гуанчжоуда, 2014 жылы Инчхонда алтын медаль иеленген Нұрмахан Тінәлиев Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанған алғашқы қазақ балуаны.
2018 жылғы Джакарта және 2022 жылғы Ханчжоу Азия ойындарында қазақ балуандарына алтын бұйырмады. Ханчжоудағы Азия ойындарында Мейіржан Шермағанбет финалда жеңіліп, күміс жүлдегер атанды.
