Ислам Махачев UFC 330 турнирінде Иэн Гэрриді жеңіп, жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғады, деп жазады Sportbugin.kz.
Филадельфияда өткен бес раундтық жекпе-жекте төрешілердің үшеуі де жеңісті Махачевке беріп, 49:46, 49:46 және 48:47 есебін тіркеді. Жекпе-жектің екінші раундтында Махачев хай-кик жасап, Гэрриді нокдаунға түсірді.
Осылайша, Ислам Махачев кәсіби мансабындағы 30-жеңісіне қол жеткізіп, жартылай орта салмақтағы чемпиондық титулын алғаш рет сәтті қорғады.
