Өзбек боксшысы Миразизбек Мирзахалилов Ресейде IBF European чемпионы атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Мирзахалилов екінші ең жеңіл салмақта өнер көрсетті. IBF European титулы үшін 10 раундқа жоспарланған жекпе-жекте оның қарсыласы жеңіліп көрмеген ресейлік Чингиз Натиров болды.
Мирзахалилов техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, чемпиондық белбеуді иеленді. Бұл жеңістен кейін өзбек боксшысының кәсіпқойлар арасындағы рекорды 5 жеңіске жетті, оның төртеуі нокаутпен аяқталған.
Айта кетейік, IBA.Pro 20 турнирінде Миразизбек Мирзахалилов IBF European чемпионы атанса, Халимжон Мамасолиев пен Хавасбек Асадуллаев өз жекпе-жектерінде жеңіске жетті. Осылайша, Өзбекстанның үш боксшысы да жеңіске жетті.
