Ақмарал Ерекешева ересектер арасындағы тұңғыш әлем чемпионатындағы өнерін сәтті аяқтады, деп жазады Sportbugin.kz.
Ерекешева Германияда өткен көркем гимнастикадан әлем чемпионатында ұршықпен және таспамен орындалатын жаттығулардың финалында бақ сынады.
Ұршықпен орындалатын жаттығуда Ақмарал Ерекешева 29.400 ұпай жинап, бесінші орынға ие болды.
Ал таспамен орындалатын жаттығуда 27.350 ұпай еншілеп, сегізінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұл — Ақмарал Ерекешеваның ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты. Бұған дейін ол жекелей көпсайыстың финалында 115.800 ұпай жинап, алтыншы орын алған еді.
