Қазақстандық боксшылар жазғы Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Соңғы екі Азия ойындарында боксшылар алтынсыз қалды.
Қазақстан боксшыларының Азия ойындарындағы нәтижелері:
1994 жылы Хиросимада — 2, 1998 жылы Бангкокта — 3, 2002 жылы Пусанда — 2, 2006 жылы Дохада — 1 алтын медаль жеңіп алды. 2010 жылы Гуанчжоуда — Серік Сәпиев пен Данияр Елеусінов чемпион атанды.
2014 жыл, Инчхон — Қазақстан үшін ең нәтижелі Азия ойындарының бірі болды. Данияр Елеусінов, Ілияс Сүлейменов, Жәнібек Әлімханұлы, Әділбек Ниязымбетов, Антон Пинчук және Иван Дычко алтын медаль иеленді.
Данияр Елеусінов — Азия ойындарында қатарынан екі рет чемпион атанған алғашқы қазақ боксшысы.
2018 жылы Джакартада Асланбек Шымбергенов пен Әбілхан Аманқұл финалда өзбек боксшыларына есе жіберді.
2022 жылғы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында да қазақ боксшыларына алтын бұйырмады. Қамшыбек Қоңқабаев аса ауыр салмақтағы ақтық сында өзбекстандық Баходир Жалоловтан жеңілді.
