Қазыбек Қалмағамбетов Словакияда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазыбек жарысты іріктеу кезеңінен бастап, алғашқы белдесуінде Германия балуаны Себастьян Вагнерді 9:0 есебімен жеңді.
1/8 финалда АҚШ өкілі Амрын Брайан Наттермен белдесуді 1:1 есебімен аяқтады. Ширек финалда отандасымыз мысырлық Мұхаммед Хасан Ахмед Абдельрахимнен 4:1 есебімен басым түсті.
Ал жартылай финалда биылғы Еуропа чемпионы, венгриялық Петр Житовоозбен белдесіп, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Қазыбек Қалмағамбетов әлем біріншілігінің финалына өтіп, алтын жүлде үшін күресетін болды.
