Өзбекстандық екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов 2026 жылғы Азия ойындарында қатысуы мүмкін, деп жазады Sportbugin.kz.
Жалоловтың жаттығу барысындағы видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрдан өзбекстандық кәсіпқой боксшы Бектемир Меликузиев те көрінеді. Осыған байланысты Жалоловтың Азия ойындарына дайындалып жатқаны туралы болжам пайда болды.
Дегенмен әзірге боксшының Азия ойындарына қатысатыны ресми түрде расталған жоқ.
Егер Жалолов жарысқа қатысатын болса, аса ауыр салмақта Айбек Оралбайдың басты қарсыластарының бірі болуы мүмкін.
Айта кетейік, Баходир Жалолов 2024 жылғы Париж Олимпиадасынан кейін кәсіпқой боксқа ауысты. Ол кәсіпқой рингте өткізген үш жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен.
2026 жылғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтеді.
