Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Токио және Париж Олимпиадаларына неге қатыспағанын түсіндірді, деп жазады Sportbugin.kz.
Елеусіновтің сөзінше, Токио Олимпиадасында оның өнер көрсетуін ешкім қаламаған. Ал Париж Олимпиадасына қатысуына кедергі жасалған.
«Көпшілігіңіз неге Олимпиадаларға қатыспадың деп сұрап жатырсыздар. Токиода өнер көрсетуімді ешкім қаламады. Ал Парижде менің барғанымды қалағандар болды, бірақ оған мүмкіндік бермеді.
Федерация басшысы Шахмұрат Мүтәліп менің қатысқанымды қалады, алайда басқалар оған кедергі келтірді. Бір адам лицензия алып, бірінші жекпе-жегінде-ақ жеңіліп қалды. Мен екі дүркін Олимпиада чемпионы атана алар едім. Бар болғаны осы», — деді Елеусінов.
