Әділжан Жаудинов Эквадорда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп жазады Sportbugin.kz.
+90 келі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда ресейлік Абдулманаф Рамазановпен белдесті. Қосымша уақытта Әділжан қарсыласын иппон әдісімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Алғашқы белдесуінде отандасымыз жапониялық Кога Терукиді, ширек финалда бразилиялық Жозе Паулу Перейраны жеңді. Ал жартылай финалда француз Азриэль Декенн Диффоны ұтты.
Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жекелей бәсекесін 10 медальмен аяқтады. Ұлттық құрама қоржынында 3 алтын, 3 күміс және 4 қола жүлде бар. Қазақстан жалпы медаль кестесінде екінші орынға тұрақтады.
