Бейбарыс Ерғали Словакияда күрес түрлерінен өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында жүлдеге іліне алмады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жамбыл облысының өкілі қола жүлде үшін белдесуде америкалық Джеймс Мерле Мастнимен кездесіп, 2:3 есебімен жеңіліп қалды.
Бейбарыс алғашқы айналымда швейцариялық Яцек Адам Фудалехті 9:2 есебімен ұтты. Одан кейін украиналық Егор Хорохты 3:3 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Алайда жартылай финалда отандасымыз грузиялық Сандро Курашвилиге 1:6 есебімен есе жіберді. Ал қола жүлде үшін болған тартыста америкалық балуанға 2:3 есебімен жол беріп, әлем чемпионатын төртінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, Бейбарыс Ерғали — елімізге танымал балуан Әлішер Ерғалидің інісі.
