Дастан Сәтпаев Англия чемпионатындағы алғашқы ресми ойынын өткізді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
«Бёрнли» сырт алаңда «Вест Бромвичке» қарсы ойын өткізіп, 1:3 есебімен жеңілді.
Екінші таймның 56-минутында «Бёрнли» бас бапкері Ники Хайен шабуылды күшейту мақсатында алаңға 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевты шығарды.
Сәтпаев Оливер Зонненің орнына алаңға шығып, 12-нөмірлі жейдемен ойнады.
Бұл — Дастан Сәтпаевтың ағылшын кәсіпқой футболындағы ресми дебюті.
Айта кетейік, алматылық «Қайрат» клубының түлегі 2026 жылдың жазында Англияға қоныс аударды. Ол Лондонның «Челси» клубымен 2033 жылға дейін ұзақ мерзімді келісімшартқа отырған.
Сәтпаев «Челси» сапында маусым алдындағы турнирге қатысып, бір гол соққан. Кейін жас футболшыны бір жылға «Бёрнли» клубына жалға берді.
Осылайша, 18 жастағы Дастан Сәтпаев ағылшын футболындағы ресми жолын «Бёрнли» сапында бастады.
