Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайда өтіп жатқан Азия чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
В тобындағы екінші матчта қазақстандық волейболшылар Австралия құрамасымен кездесті.
Ойын Қазақстан құрамасының айқын жеңісімен аяқталды. Отандастарымыз қарсыласын 3:0 есебімен ұтты.
Осы жеңістен кейін Қазақстан В тобында үшінші орында тұр. Таиланд үш ұпаймен көш бастап келеді. Индонезия құрамасы да үш ұпай жинап, екінші сатыға жайғасқан.
Айта кетейік, 25 тамызда қазақстандық волейболшылар Таиланд құрамасына қарсы ойнайды.
