Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев Қазақстанның жаңа бір палаталы парламенті — Құрылтай құрамына енді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Теңізбаев «Әділет» партиясының партиялық тізімі бойынша депутаттық мандатқа ие болды. 27 тамызда партияның Саяси кеңесі Құрылтайдың бірінші шақырылымында мандат алатын 110 кандидаттың тізімін бекіткен. Нұрбақыт Теңізбаев бұл тізімде 87-орында тұр.
Спорттағы мансабынан кейін мемлекеттік қызметке ауысқан Теңізбаев әр жылдары мәслихат депутаты, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы және Кеген ауданының әкімі қызметтерін атқарды.
Айта кетейік, Құрылтай құрамына спорт саласының тағы бір өкілі — шахматшы Гүлісхан Нахбаева да енді. Нахбаева — әйелдер арасындағы гроссмейстер, халықаралық шебер және Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.
