Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Sportbugin.kz.
Астанада IBA Nomad лигасының ұйымдастыруымен өткен турнирде Бибосынов намибиялық Иммануэль Джозефпен кездесті.
Екінші ең жеңіл салмақта өткен жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған. Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне жетті. Ал Иммануэль Джозеф мансабындағы бесінші жеңілісіне ұшырады.
