Еркебұлан Тоқтар Астанада өткен International Boxing Day турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
IBA Nomad лигасы ұйымдастырған жарыста Тоқтар өзбекстандық Бобиржон Исроиловпен кездесті. Жекпе-жек аса орта салмақта кәсіби бокс ережесі бойынша өтті.
Кездесу барысында қазақстандық спортшы қарсыласын төрт рет нокдаунға түсіріп, екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Ал Бобиржон Исроилов профи-рингтегі алғашқы жеңілісіне ұшырады.
