Тұрсынғали Еділов ұлттық құраманың алдағы Азия ойындарына дайындығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Еділовтің айтуынша, қазіргі таңда боксшылардың сапалы дайындалуына барлық жағдай жасалып жатыр.
«Қазір федерация жағынан да, Туризм және спорт министрлігі тарапынан да жақсы жағдай жасалып жатыр. Боксшылар шетелдерде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жүр. Сондықтан өткен Азия ойындарымен салыстырғанда бұл жолы нәтижеміз жақсы болуы керек деп ойлаймын», — деді Тұрсынғали Еділов.
Сондай-ақ бапкер ұлттық құрамадағы бірнеше тәжірибелі боксшының бабында екенін атап өтті.
«Абылайхан Жүсіпов, Махмұд Сабырхан және ағайынды Оралбайлар нағыз бабына келіп, пісіп тұр. Енді олар нәтиже көрсетуі керек. Ол үшін жаттықтырушылары мен жеке бапкерлері спортшыларды жақсы қолдап, дұрыс дайындауы қажет. Бұл жерде біздің басты қарсыластарымыз — Өзбекстан боксшылары», — деді.
