Өзбекстандық спорт сарапшысы Мурод Кенжaбаев Баходир Жалоловтың алдағы Азия ойындарына қатысатынын айтты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бұл мәселе Астанада өткен IBA Nomad бокс кешінің баспасөз мәслихатында көтерілді.
Баспасөз мәслихатында Мурод Кенжaбаев IBA басшыларына Ташкентте жоспарланған кезекті бокс кешінің мерзіміне қатысты сұрақ қойды. Оның айтуынша, Өзбекстанның бірқатар боксшылары, соның ішінде Абдумалик Халоков, Баходир Жалолов Азия ойындарына дайындық жүргізіп жатыр.
Sportbugin.kz тілшісі Мурод Кенжaбаевтан Баходир Жалоловтың Азия ойындарына қатысуына қатысты нақтылай сұраған. Блогер Олимпиада чемпионының жарысқа қатысатынын жеткізді.
«Неге Жалоловты қатыспайды деп ойлайсыздар? Қатысады. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр», — деді Мурод Кенжaбаев.
Бұл ақпаратқа қатысты Өзбекстан бокс федерациясы әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Сонымен қатар Азия ойындарына қатысатын спортшылардың ресми тізімі де әлі жарияланбаған.
