Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Нью-Йоркте өткен «Үлкен дулыға» турнирінің финалында Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңді.
Финалдық кездесу үш сетке созылды. Алғашқы партияда қазақстандық теннисші 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Соболенко таразы басын теңестіріп, 7:5 есебімен басым түсті.
Шешуші партияда Рыбакина сенімді ойын көрсетіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша финалдық кездесу 6:4, 5:7, 6:2 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.
Соболенко US Open-ге өткен жылғы чемпион ретінде келген еді. Алайда биыл ол титулын қорғай алмады.
