Данияр Елеусінов MMA жауынгері Еркебұлан Тоқтарға тағы да жауап берді, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұған дейін Данияр Елеусінов Еркебұланды жекпе-жекке шақырған болатын. Ал Еркебұлан Тоқтар Олимпиада чемпионының ұсынысына жауап беріп, жекпе-жекке дайын екенін жеткізген.
Алайда Данияр Елеусінов бұл мәселеге қатысты ұстанымын тағы бір мәрте білдірді. Оның сөзінше, әңгіме Еркебұланның басқа қарсыластарды жеңуінде емес, оның Батысқа деген көзқарасында.
«Сенің маған түкке керегің жоқ? Басқаларды жеңе бер, мәселе онда емес. Мәселе сенің Батысқа деген көзқарасыңда», – деп жазды Елеусінов.
