Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Азия ойындарында 74 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайды, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл салмақта қазақстандық балуанның қарсыластары қатарында Қырғызстаннан Орозобек Токтомамбетов, Бахрейннен Магомедрасул Аслуев, Қытайдан Фэн Лу, Үндістаннан Сагар Джаглан, Ираннан Юнес Эмами, Жапониядан Ёсиносуке Аояги, Оңтүстік Кореядан Хан Дэ Гиль, Моңғолиядан Тулга Тумур-Очир, Тәжікстаннан Виктор Рассадин, Түрікменстаннан Ватан Аннаоразов және Өзбекстаннан Разамбек Жамалов бар.
Айта кетейік, Нұрқожа Қайпанов пен өзбекстандық Разамбек Жамалов бұған дейін белдескен. Екі балуан 2020 жылдың қаңтарында Ресейде өткен Иван Ярыгин атындағы Гран-при турнирінде кездесіп, тартысты белдесуде Қайпанов 8:7 есебімен жеңіске жеткен.
2024 жылы Нұрқожа Қайпанов 70 келі салмақты әлем чемпионатының финалында жапониялық Ёсиносуке Аоягиді жеңіп, алтын медаль иеленді
Ал 2025 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Моңғолия өкілі Тулга Тумур Очирге есе жіберді.
Енді Қайпанов Азия ойындарында аталған балуандармен қайта кездесуі мүмкін.
