Жапонияның да өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына жетінші алтын медаль түсті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Велошабандоз Алексей Луценко Азия ойындарында алтын медаль саны бойынша тарихи рекорд орнатты.
Тас жолдағы велоспорттан ерлер арасындағы топтық жарыста Алексей Луценко мәре сызығын бірінші болып кесті. Оның нәтижесі — 4 сағат 13 минут
11 секунд.
Бұл — Луценконың Аичи-Нагоядағы екінші алтыны. Ол жарыстың алғашқы күнінде жекелей сында да жеңіске жеткен болатын.
Осылайша, Алексей Луценконың жазғы Азия ойындарында жеңіп алған алтын медаль саны алтыға жетті. Ол Азиада тарихында ең көп алтын алған қазақстандық спортшы атанды.
Луценконың Азиададағы нәтижелері: Инчхон 2014 — 1 алтын; Джакарта 2018 — 2 алтын; Ханчжоу 2022 — 1 алтын, 1 күміс; Аичи-Нагоя 2026 — 2 алтын.
Бұған дейін бұл көрсеткіш бойынша рекорд Константин Негодяевқа тиесілі еді. Ол Хиросима мен Бангкокта өткен Азия ойындарында ескек есуден бес алтын медаль жеңіп алған.
