Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов Азия ойындарындағы басты қарсыластарды атады, деп хабарлайды Egemen.kz-ке сілтеме жасаған Sportbugin.kz.
«Негізгі қарсыластар ретінде Өзбекстан, Үндістан және Жапония елдерін атауға болады. Сонымен қатар Иран, Моңғолия, Филиппин, Таиландтан да бірнеше боксшы бар», — деді Нұржан Насанов.
Айта кетейік, Азия ойындарында ерлер құрамасы сапынан Махмұд Сабырхан , Оразбек Асылқұлов, Төрехан Сабырхан, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай және Айбек Оралбай бақ сынайды.
