Қазақстандық спортшылар Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында тағы бір күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Стенд атудан скит бағдарламасында Қазақстанның әйелдер құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Команда сапында Әсем Орынбай, Зоя Пискун және Адель Садақбаева өнер көрсетті.
Қазақстандық үштік іріктеу кезеңінде
274 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Ал Қытай құрамасы 287 ұпаймен жеңімпаз атанса, Үндістан спортшылары 266 ұпаймен үшінші орын алды.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы 2022 жылғы Ханчжоу Азия ойындарында скит бағдарламасынан алтын медаль жеңіп алған еді. Ол кезде ел намысын Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панарина қорғаған.
