Кристина Морозова спорттық жүрістен Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Отандасымыз спорттық жүрістен жартылай марафон бәсекесінде
1 сағат 35 минут 25 секунд нәтиже көрсетіп, мәреге екінші болып жетті. Ал алтын медаль Қытай спортшысына бұйырды.
Бұл сайыста Қазақстан атынан Эльмира Калимуллина да өнер көрсетті. Ол жарысты алтыншы орынмен аяқтады.
Осылайша, Кристина Морозованың күміс жүлдесі Қазақстан құрамасының Аичи-Нагоя Азия ойындарындағы екінші күміс медалі болды.
Айта кетейік, бұған дейін 2002 жылғы Азия ойындарында Светлана Толстая спорттық жүрістен қола жүлде иеленген. Осылайша, араға 23 жыл салып Қазақстан спорттық жүрістен Азия ойындарында жүлдеге қол жеткізді.
