Қазақстандық ескек есушілер Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Отандастарымыз ерлер арасындағы рульшісіз қос ескекті қайық (M2-) жарысының А финалында топ жарды.
Қазақстандық жұп шешуші сында 2000 метр қашықтықты 6 минут 25,13 секундта бағындырып, мәреге бірінші болып жетті.
Күміс жүлде қытайлық Чуан Цао мен Мэншуай Янға бұйырды. Олар қазақстандықтардан 2,09 секундқа қалып қойды. Үздік үштікті Өзбекстан өкілдері Максим Голубев пен Алишер Турдиев түйіндеді (6:32,34).
Осылайша, Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтын медалін салды.
Айта кетейік, бұл — Қазақстанның академиялық есуден Азия ойындарындағы алғашқы алтыны.
