Франция астанасы Париж қаласында 9–11 қазан аралығында таеквондодан Гран-при сериясының соңғы кезеңі өтеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасы сапынан жарысқа үш спортшы қатысады. Олар:
Айдана Құмартаева — 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде;
Мария Севостьянова — 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде;
Назым Махмұтова — 67 келіден жоғары салмақ дәрежесінде.
Айта кетейік, Париждегі турнир биылғы Гран-при сериясының соңғы кезеңі болмақ. Ал маусымның қорытынды жарысы саналатын таеквондодан Гран-при финалы 27-29 қараша күндері Астана қаласында өтеді.
