Боксшы Төрехан Сабырхан Азия ойындарын қорытындылап, алдағы мақсаттарымен бөлісті, деп жазады Sportbugin.kz.
Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында Жапонияда өткен байрақты бәсекеде ел қоржынына алтын медаль салудың өзі үшін ерекше маңызға ие болғанын атап өтті.
«Көптен күткен Азия ойындары өз мәресіне жетіп, елге оралып, ой қорытудың уақыты да жетіпті. Бұйырып, Жапония жерінде араға 12 жыл салып, ел қоржынына алтын жүлде салдым.
Бұл — үлкен еңбектің арқасы деп білемін. Азия ойындарына барардың алдында біраз әңгіме болғанын да білесіздер. Сондықтан бұл сайыстың жеңісі де, жауапкершілігі де басқаша болды. Дегенмен еңбек пен маңдай тердің арқасында, бап пен бақ қатар шауып, нәтиже көрсете алдым.
Азиада алтынымен тоқтамаймыз! Алда елімізде өтетін әлем чемпионаты бар. Одан әрі — Олимпиада. Енді, бұйырса, осы жарыстарға дайындаламыз. Алла сәтін салса, көк туды асқақтата көтеретін кездер алда!
Мені әрдайым қолдап, жігерлендіріп отыратын еліме, жанкүйерлерге мың алғыс. Бірге біз әлі талай шыңды бағындырамыз!» — деп жазды боксшы.
