Қазақстандық ескек есуші Владислав Яковлев өзінің спорттағы жолы мен ескек есу спортының қазіргі жағдайы туралы пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Талай рет жеңіс тұғырынан сырт қалдым. Бірақ берілмедім. Ақыры алтын медаль жеңіп алдым. Бұған өте ризамын. Нәтиже көрсету үшін тиісті жағдай болуы керек. Түркістанда ескек есу каналының салынғанына алғыс айтамын. Бұл — келешек ұрпақ үшін жасалған өте жақсы қадам.
Бұрын жаттығу кезінде су тапшылығын жиі көретінбіз. Біздің спорт түрі суда тұрақты жаттығуды талап етеді. Осы спортпен айналысып жүргеніме 15 жылдай уақыт болды. Азия ойындарының алтыны мен үшін ерекше құнды. Бізге жанкүйер болып, қолдау білдірген барша жанға және командаласым Иванға алғыс айтамын. Оның физикалық дайындығы мен менің тәжірибем үйлесіп, жеңіске жеттік.
Ешқашан берілмеңіздер! Жеңілістің өзі – тәжірибе. Өзіңізге сеніңіздер, жаттығыңыздар», — деді Владислав Яковлев.
Айта кетейік, Владислав Яковлев пен Иван Чернухин 2026 жылғы Азия ойындарында ерлер арасында рульсіз қос ескекті қайықпен жарысудан алтын медаль жеңіп алған. Осы жеңістері үшін қос спортшы күні кеше Мемлекет басшысының қабылдауында болып, «Құрмет» орденімен марапатталды.
