Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде финалдық кездесулер аяқталуға жақын, деп жазады Sportbugin.kz.
Әзірге, Қазақстан еншісінде жалғыз алтын медаль бар. 60 келідегі Талғат Сырымбетов финалда әзербайжандық Арзак Бабиевті жеңді.
Өкінішке қарай, 48 келіде 2021 жылы әлем чемпионы атанған Теміртас Жүсіпов жергілікті боксшыға есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.
Сонымен қатар, 54 келідегі Тимур Қабдешов өзбекстандық Хожаназар Нортожиевке есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты.