Боксшы Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке жақын қалғанда ауруханадан бір-ақ шықты. Ол салмақ қуамын деп, есінен танып қалған, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл туралы спортшының командасы хабарлады.
Ресми мәлімет бойынша, Әлімханұлы салмақ қуу кезінде сусыздануға ұшырап, есінен танып қалған.
«Жәнібек соңғы килограмды қуу кезінде есінен танып қалды. Біз оны дереу ауруханаға апардық. Оның бүйрегі зақымданбаған, бірақ ағзасы қатты сусызданған. Ол мүлде жұдырықтасатын жағдайда емес», — деді оның менеджері.
Қазіргі таңда ол ауруханаға түсті. Ал 14 шілдеге жоспарланған Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайловичке қарсы кездесу өтпейтін болды.
Бокс әлемінде Жәнібек Әлімханұлының бұл жағдайы көпшіліктің таңданысын тудыруда. Өйткені, артық салмақтан дер кезінде арылмау кәсіби спортшы үшін үлкен сын.
Айта кетелік, Әлімханұлы орта салмақта WBO және IBF чемпионы.