
Kazakhstan's Kamshybek Kunkabayev (blue) and Egypt's Yousry Rezk Mostafa Hafez shake hands after their men's super heavy (over 91kg) preliminaries round of 16 boxing match during the Tokyo 2020 Olympic Games at the Kokugikan Arena in Tokyo on July 29, 2021. (Photo by Luis ROBAYO / POOL / AFP) (Photo by LUIS ROBAYO/POOL/AFP via Getty Images)
2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Әлем чемпионаттының екі дүркін финалисті және Азияның төрт дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қонқабаев рингке оралмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sportbugin сайты.
Спорттағы жолын әуелі әуесқойлық бокстан бастап, кейін кәсіби алаңда өнер көрсеткен, даңқы дүркіреген аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Қамшыбек Қонқабаев мансабын аяқтады.
Бұл туралы команданың бас бапкері Қайрат Сатжанов sport+ арнасына берген сұхбатында айтты.
Қамшыбек Қонқабаев – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), Азия ойындарының күміс жүлдегері (2022) және Азия чемпионаттының төрт дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021, 2022).
Қамшыбек 2015 жылы «Страндж Мемориалы» турнирінде өзбек боксшысы Баходир Жалоловты жеңгенімен елге танылған.