Юлия Галышева араға ұзақ уақыт салып, АҚШ-та өтіп жатқан әлем кубогының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстандық спортшы параллельді могулда үздік үштікке енді. Жарыстың жартылай финалына дейін жеткен Галышева франциялық Перрин Лаффонға жол беріп, қола медаль үшін өткен сында канадалық Майя Швингхаммерден басым түсті.
Айта кетелік, бұл отандық фристайл жұлдызы үшін көптен күткен жүлде. Соңғы рет Галышева 2021 жылы әлемдік жарыстан медаль алған еді.
Универсиада жеңімпазы Анастасия Городко тоғызыншы, Аяулым Әміренова 29-орын иеленді.