Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан Иван Ярыгин турнирінде қазақ қызы Эльмира Сыздықова топ жарды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Әйелдер күресінен 76 келі салмақта бақ сынаған Сыздықова финалда моңғол балуанын таза жеңді. Осылайша, маусымдағы екінші жетістігіне жетіп отыр.
Одан бөлек, 62 келідегі Виктория Хусаинова күміс медаль иеленді. Ол беларусь балуанымен 4:4 есебімен тең түсті. Бірақ төрешілер жеңісті қарсыласқа берді.
Осы салмақта сынға түскен Тыныс Дубек қола медаль жеңіп алды.