Халықаралық дзюдо федерациясы 2024 жылды қорытындылап, жыл үздіктерін анықтады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жылдың үздік дзюдошысы атағынан үміткер болған Елдос Сметов жеңіске жете алмады. Ерлер арасында жылдың үздігі атағын әзірбайжандық Хидаят Гейдаров жеңіп алды.
Гейдаров 2024 жылы Олимпиададан бөлек, Еуропа мен әлем чемпионатында топ жарған.
Жеңімпаздар Парижде өткен «Үлкен дулыға» турнирінде марапатталды.
Айта кетелік, Елдос Сметов дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс, Токио ойындарының қола жүлдегері. Әлем, Азия чемпионаттары мен Азия ойындарының жеңімпазы.
Фото: Сали Сабиров