
Бүгін Ташкентте дзюдодан Grand Slam турнирі басталды. Өкінішке қарай, ерлер арасында татамиге шыққан екі спортшымыз да ұтылып қалды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
60 келіде белдескен Нұрәділ Әлжан өзбекстандық Камоллоддин Бақтияровтан жеңілді.
Ал 66 келідегі Ердәулет Бозша бірінші айналымда өзбек балуаны Абдурахим Нутфоллаевтан ескерту саны бойынша ұтылды.
Қыздар арасындағы үздігіміз Ғалия Тынбаева да алысқа барған жоқ. 48 келіде күрескен ол бірінші белдесуінде тәжікстандық Ахлия Муминоваға «иппон» әдісімен жол берді.
Бір қызығы, Тынбаева әлемдік рейтингте 10, Муминова 82-орында тұр.