
Бокстан Қазақстан құрамасы үздіктерінің бірі Махмұд Сабырхан Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» турниріне қатыспайды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Махмұд Сабырхан дәрігерлер шешімімен «Странджа» халықаралық турниріндегі бүгінгі жекпе-жегіне шықпайды. Медициналық анықтама: «Тағамдық инфекция. 3 наурызға дейін жарыстарға қатыспайды», — делінген хабарламада.
Айта кетелік, Махмұд Сабырхан 54 келіде бақ сынауы тиіс болған.
Бұған дейін Айбек Оралбай мен Бекзад Нұрдәулетов турнирдің жартылай финалына өтті.