
Грекияның Афина қаласында көркем гимнастикадан «Афродита кубогы» өтуде. Аталған сында қазақстандық гимнастар жақсы нәтиже көрсетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Атап айтар болсақ, Эрика Жайлауова таспамен, Милана Парфилова шығыршықпен жаттығудан чемпион атанды. Сондай-ақ, Эриканың еншісінде доп жаттығуынан күміс медаль бар.
Жасөспірімдер арасында Ақмарал Ерекешева доппен, таспамен, жаттығуда алтын, ұршықпен, шығыршықпен жаттығуда күміс медаль жеңіп алды. Ал Айым Мейіржанова таспамен жаттығуда күміс жүлдемен көзге түсті.