
Freedom QJ League маусымындағы ең айтулы оқиға 23 тамыз күні өтпек. Лиганың үздік ойыншыларынан құралған команда әлемдік футболдағы ең үздік академиялардың бірі – мадридтік «Атлетиконың» тәрбиеленушілерімен кездеседі, деп жазады лиганың баспасөз қызметі.
Өткен жылдағыдай, матч Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматы қаласында өтеді. Жанкүйерлер футболдың болашағын бейнелейтін екі команданың тартысты кездесуінен ләззат алып қана қоймай, қызықты шоу-бағдарлама мен түрлі ойын-сауық шараларын тамашалай алады.
Бұл ойын жас спортшылар үшін үлкен тәжірибе болмақ. Сонымен қатар, Freedom QJ League пен мадридтік «Атлетико» клубы арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуына үлес қосады. Жаңа маусымда тараптар All Star матчымен қатар, Қазақстанда әлеуметтік іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.
«Мадридтік «Атлетико» секілді қарсыласпен кездесудің өзі – біздің жігіттер үшін үлкен мереке. Бұл – өз мүмкіндіктерін сынап көруге, көпшілік алдында өздерін көрсетуге тамаша мүмкіндік. Мадрид клубындағы әріптестерімізге ынтымақтастық үшін алғысымды білдіремін – олардың тәрбиеленушілері де Қазақстанға сапар барысында ерекше әрі тың әсер алып қайтады деп сенемін. Мұндай халықаралық тәжірибе алмасу екі тарапқа да пайдасын тигізері анық», – деді Freedom QJ League президенті Рохус Шох.
Жаңалықтарымыздан хабардар болыңыздар және бұл ауқымды шараны өткізіп алмаңыздар!