
72kg WW - Zhamila Bakbergenova (KAZ)
Әйелдер күресінен Қазақстан командасының үздігі Жамиля Бақбергенова Азия чемпионатында төртінші рет топ жарды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
72 келі салмақ дәрежесінде белдескен Жамиля финалда қытайлық қарсыласын 4:1 есебімен жеңді.
Сондай-ақ, турнир барысында ол Жапония мен Оңтүстік Корея балуандарынан басым түсті.
Бұл Жамиляның Азия чемпионаттарында жеңіп алған жалпы есебі алтыншы жүлдесі. Оның еншісінде құрлық додасының төрт алтыны, бір күмісі мен бір қоласы бар.
Құттықтаймыз!