
Ақтау қаласында каратэден (WKF) ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Halyk Arena әмбебап спорт кешенінде 400-ге тарта татами шебері ката және кумите бағдарламасында жүлделерді сарапқа салды. Бір қызығы, мұндай көрсеткіш бұрын-соңды болмаған. Осыған дейін каратэден ересектер арасында елішілік бәсекеге мұнша спортшы қатыспаған.
Бұл қатарда Олимпиада жүлдегері Софья Берульцева, тұңғыш әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай, Азия ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлері – Қайсар Алпысбай, Әсел Қанай, Нұрқанат Әжіқанов, Дидар Әмірәлі, Данияр Юлдашев және өзге де тәжірибелі каратэшілер бар.
Назарыңызға чемпиондарды ұсынамыз
Ерлер, кумите:
55 кг дейінгі салмақ: Мирас Әбдіқадыр (Жамбыл облысы)
60 кг: Нұрбек Кенжебай (Атырау облысы)
67 кг: Еркінбек Байтөреев (Маңғыстау облысы)
75 кг: Нұрқанат Әжіқанов (Ақтөбе облысы)
84 кг: Данияр Юлдашев (Шымкент қаласы)
+84 кг: Диас Ұлбек (Алматы қаласы)
Әйелдер:
50 кг дейінгі салмақ: Мөлдір Жаңбырбай (Қызылорда облысы)
55 кг: Айшабибі Шарахан (Маңғыстау облысы)
61 кг: Әсел Қанай (Түркістан облысы)
68 кг: Дайяна Даренская (Алматы қаласы)
+68 кг: Софья Берульцева (Шымкент қаласы)
Командалар арасындағы бәсеке, ерлер: Шымкент қаласы-1
Командалар арасындағы бәсеке, әйелдер: Алматы қаласы
Ката, ерлер: Мәди Катешов (Түркістан облысы)
Ката, әйелдер: Владлена Сигалова (Алматы қаласы)
Ерлер арасындағы командалық ката: Батыс Қазақстан облысы
Әйелдер арасындағы командалық ката: Шымкент қаласы
Жалпы есепте 4 алтын, 3 күміс пен 3 қола олжалаған Шымкент қаласының командасы 1-орын алды. Келесі сатыға Алматы қаласы (2-орын) мен Маңғыстау облысының (3-орын) өкілдері тұрақтады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы